Қазақ-Британ техникалық университетінде мұнай-газ саласына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Ақпанның 26-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) «Мұнай-газ индустриясының инновациялық даму проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш мәслихатты ҚБТУ мен Орталық Азия университетінің басшылығы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияны өткізудегі мақсат - ҚР мұнай-газ саласының қазіргі жағдайына, даму перспективаларына және мамандар даярлығына сараптама жүргізу. Конференция жұмысына бірқатар министрліктер мен мұнай-газ саласындағы қоғамдық ұйымдардың, шетелдік Lloid s Register, Shell компаниялары мен шотландиялдық Роберт Гордон университеті, норвегиялық Ставангер, Қытай мұнай университетінің, Томск, Тюмен мемлекеттік мұнай-газ университеті мен Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, қазақстандық ғалымдар, мамандар қатысуда. Отырыс барысында «Мұнайды барлау, өндіру және тасымалдау техникасы мен технологиясы», «Мұнай-газ секторындағы экологиялық мәселелер, ақпараттық технологиялар», «Мамандарды қайта даярлау мәселелері» тақырыптары терең талқыға түсуде. Конференция жұмысы 2 күнге созылады.
Соңғы жаңалықтар