Қазақ циркі 30 жылдан кейінгі төл туындысын ертегіден бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ мемлекеттік циркі 30 жылдан кейін өз әртістерінің қатысуымен жасалған төл цирктік бағдарламасын қазақ ертегісінен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыда ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған Қазақ мемлекеттік циркі әзірлеген «Ер Төстік» лазерлік супер шоуының тұсаукесері өтті. Аталған бағдарлама 22 шілде мен 20 тамыз аралығында қойылатын болады.

«Соңғы рет біздің циркіміз өз бағдарламасымен 1972 жылы гастрольға шыққан. 16 жыл сол бағдарламасымен гастроль жасаған. Содан кейін өз бағдарламасымен гастрольға шықпаған. Енді «Ер Төстікті» Алматыда көрсетіп болғаннан кейін, Шымкент қаласына сапарлаймыз, ары қарай Қазақстан бойынша қойылымды көрсету жоспарланып отыр. Алдағы дүйсенбі күні Қазақ мемлекеттік циркінің құрылғанына 47 жыл толады. Кеңес одағы кезеңінде қазақы нақыштағы көрсетілім үздік болып танылған. Яғни, ол бағдарламаға тек Қазақ циркінің әртістері мен өнерпаздары ғана қатысқан. Осы 30 жылғы үзлістен кейін міне, алғаш рет өз әртістеріміздің қатысуымен әзірленген төл бағдарламамызды халыққа ұсынып отырмыз», деді «Ер Төстік» шоуының қоюшы режиссері Марина Редько.

Бағдарламада аюлар, ешкілер, иттер көгершіндер өнер көрсетті. Сценарий бойынша Ер Төстіктің жолында өзге де кейіпкерлер Самрұқ құс, Шалқұйрық ат, ақ пері, дала эльфтары кездесті. Сценарий желісі бойынша, жауыздықты жеңіп шығатын Ер Төстік ең соңында арманына жетіп, аруына қосылады. Марина Редько Қазақ Мемлекеттік циркі не үшін Ер Төстік ертегісін таңдағанын айтты.

«Қазіргі заманда балалар шетелдің кейіпкерлерін таниды да өз қаһармандарын білмейді. Біз «Ер Төстік» арқылы ұлттық құндылығымызға балалардың да назарын аударғымыз келді», - дейді М.Редько.

«Ер Төстік» қойылымында Кенжекей, Ер Назар, Қарашаш, Бекторы, Мыстан Кемпір сынды кейіпкерлер балалардың танымын қиял-ғажайып ертегі әлеміне жетелейді. Театралды қойылымның ұзақтығы 2,5 сағат.

Марина Редьконың айтуынша, «Ер Төстік» лазерлік шоуының орындаушылары 2-6 шілде аралығында Астанада өткен «Азия жаңғырығы -2017» Х Халықаралық цирк өнері фестивалінде «Алтын» жүлдені жеңіп алды. Шоуды өткізуге 100-ден адам қатысса, маньежде 65 адам өнер көрсетеді.

1 2 3 4 5 6 7 9 0 

Соңғы жаңалықтар
telegram