Қазақ циркі «Жаңа жылдық сафари» атты жаңа ресейлік-қазақстандық бағдарламаның тұсауын кесті (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда Қазақ мемлекеттік циркі Жаңа жылдық сафари» деп аталатын жаңа ресейлік-қазақстандық бағдарламаның тұсауын кесті.

Қазақ циркі «Жаңа жылдық сафари» атты жаңа ресейлік-қазақстандық бағдарламаның тұсауын кесті (ФОТО)

Мүгедек балаларға, әлеуметтік тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балаларына, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған бұл шоуға белгілі ресейлік жануарларды үйретуші, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Рүстем Матчановтың «Жыртқыштар империясы» бағдарламасының үздік нөмірлері көрсетілді. Олар: «Үйретілген жолбарыстар», «Үйретілген аюлар» және «Үйретілген маймылдар».

Сондай-ақ, бүгінгі көрсетілімде өздерінің таңғажайып ептілігі мен сәнділігін көрсетуге үйретілген ешкілерді цирк өнерінің атақты қазақстандық әулетінің өкілі Әсел Бейсекова алып шықты. Өзінің түлектері - таңғажайып кептерлердің ұшулары мен трюктерін Алматы циркінің белгілі артисі Ирина Щадко көрсетті. Өте күрделі қол эквилибрін халықаралық цирк конкурстары мен фестивальдерінің бірнеше рет жүлдегері Анна Демидова тамаша паш етті.

Сонымен қатар, Қазақ мемлекеттік циркінің атақты артистерінің жарқын, әдеттегіден өзгеше, фестивалдық нөмірлері көрсетілді. Олар: VIII «Азия жаңғырығы» Халықаралық цирк өнері фестивалінің «Күміс марапатының» иесі Алексей Храменковтың «Лазерлік шоуы», Халықаралық цирк өнері фестивалінің лауреаты Ольга Демидованың басшылығымен «Ауадағы бамбук» нөмірі, XVIII «Шабыт» халықаралық жастар шығармашылығы фестивалінің Гран при сыйлығының жеңімпазы Серік Бурашевтің «Акробаттық жол» нөмірі және ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты Руслан Файзулиннің «Батылдық доңғалағы» нөмірі.

«Жаңа жылдық сафари» бағдарламасы 2015 жылдың 19 желтоқсаны мен 2016 жылдың 10 қаңтары аралығында өтеді.