Қазақ деген атпен шыққан Alash Pride спортшысы Азия чемпионы атанды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Alash Pride клубының Қазақ деген атпен танылған спортшысы Қайрат Ахметов Азия чемпионы титулын жеңіп алды, деп хабарлады Vesti.kz.
None
None

Алматыда өткен «Ұлы майдан» турнирінің бағдарламасында Қазақ Жапония өкілі Ватанабе Татсуямен кездесті. Табанды кездесу жоспарланған үш раундқа жалғасып, төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Осы кездесудің алдында Alash Pride-тан Арман Оспанов ресейлік Евгений Леничевті ұтса, Шешенстан Республикасының спортшысы Лом Али Медиев Азамат Баходурзодудан басым түсті. Осылайша Alash Pride пен әлем құрамасының арасындағы кездесудің есебі 7:5-ті көрсетіп, алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Соңғы жаңалықтар