Қазақ Экономикалық университетінің МВА бағдарламасы бойынша магистратурасында оқу үшін 2010/2011 оқу жылына құжаттар қабылдау жүзеге асырылады

Бұл туралы сәрсенбі, шілденің 14-інде Алматы қаласында ҚР ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлімдеді.
Магистратурада оқу Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті қаражатының есебінен өтеусіз негізде, сол сияқты жеке жəне заңды тұлғалардың өз қаражаты есебінен ақылы негізде жүргізіледі.
Магистратурада оқу өндірістен қол үзіп, күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.
Магистратурада 1,5 (бір жарым) жыл оқу мерзімі «Қаржы талдаушысы», «Қаржы тəуекелі менеджері», «Сақтандыру бизнесі», «Актуарий» мамандықтары бойынша жүзеге асырылады.
Азаматтарды Магистратураға оқуға алу қабылдау емтихандарының нəтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Магистратураға оқуға қабылдау емтихандары 2010 жылғы тамыздың 1-20-сы аралығында, қабылдау 2010 жылғы тамыздың 31-іне дейін дейін жүргізіледі.