«Қазақ Елi» алаңындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа әскери қызметшілер мен әскери техника рекордтық көлемде тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад басталды.
Айта кетейік, бұл парадқа Қарулы Күштеріміздің әскери қызметшілері мен әскери техникасы рекордтық көлемде тартылған.
Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, парадқа 5 000-ға жуық әскери қызметші, 200 дана шамасында қару жарақ пен әскери техника, әскери авиацияның 70 ұшағы мен тікұшағы қатысуда. Сонымен қатар, ҚР Қарулы күштерінің техникасынан тыс, Ұлы Отан соғысы уақытындағы армия мен қару-жарақ түрлері де көрсетіледі.
"Осы орайда ту ұстаушы топтар ҚР Мемлекеттік туы мен осыдан 70 жыл бұрын отандасымыз Рақымжан Қошқарбаев пен оның жауынгер досы Григорий Булатовтың Рейстагқа тіккен туының дәл көшірмесі - Жеңістің қызыл туын алаңға алып шығу рәсімі болады",-делінген Қорғаныс министрлігінің ақпаратында.
Парадтағы жаяу тізбектер шеруін армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебінің барабаншылары ротасы ашады. Олардың соңына ілесе Ұлы Отан соғысы уақытындағы әскери киім үлгісіндегі үш парадтық топ жүріп өтпек. Бұл ретте, бірінші топ Ұлы Отан соғысы кезінде құрамында біздің жерлестеріміз соғысқан 72 гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесін ұстап өтеді.
Салтанатты сапты ҚР Қорғаныс министрлігінің, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Әскери-теңіз күштерінің офицерлерінен құралған парадтық топтар жалғастырады. Аэроұтқыр әскерлерінің, теңіз жаяу әскерлерінің, бітімгершілік күштерінің, арнайы мақсаттағы роталар, әскери қыз-келіншектерден құралған роталар, әскери полция роталары да парадта сап түзеп өтеді.
Парадқа қатысатын әскери техникаларға тоқталсақ, тарихи әскери техникалардың тізбегін өздігінен жүріп өтетін Т-34 танкі, ЗиЛ-157 сүйреткен ЗИС-2 зеңбіректері және М-30 гаубицалары, аты аңызға айналған БИ13 РС-30 "Катюша" техникалары бастамақ. Сонымен қатар, "Максим" пулеметі, РПД (Дегтяреа қол пулеметі), ППШ (Шпагин тапанша-пулеметі) де парадқа қатысушылар назарына ұсынылмақ.
"Парадқа қатысатын қазіргі техникаларға тоқталсақ, заманауи техникалар шеруін басқарылатын қарумен жарақтандырылғпн Т-72Б танкі бастайды. Бұдан өзге, алаңда тантктерді қолдау жауынгерлік машиналары, соңғы жылдары қазақстандық армияның сапына қосылған жауынгерлік машиналар, "Солнцепек" жаяу әскер жауынгерлік машиналары, БТР-82 бронетранспортерлер, Д-30, "МСТА" гаубицалары, КамАЗ, автокөліктері "Тигр" броньды көліктері, "Корба" жауынгерлік барлау көліктері және басқа да заманауи әскери техникалар жүріп өтеді",-делцнген ақпаратта,
Парадта авиашоу ерекше болады деп күтілуде. Бұлар майдандық, әскери-көліктік және армия авиациясының Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-29, МиГ-31, МиГ-27, Ан-26, Ту-134, Ту-154, С-295 ұшақтары, сондай-ақ Ми-8, Ми-17, Ми-171, Ми-26, К-32және ЕС-145 тікұшақтары . Парадқа ҚР Қарулы күштерінің тарихында алғаш рет қазақстандық Әскери-әуе күштерінің сапын толықтыркан 4++ буынына жататын жаңа жоғары маневрлі Су-30МС жойғыш ұшағы қатысады.