«Қазақ елі болмаса, қадірімді кім білген» атты оралман - жастардың I құрылтайы басталды

АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақ елі болмаса, қадірімді кім білген» атты оралман - жастардың I құрылтайы басталды,

«Қазақ елі болмаса, қадірімді кім білген» атты оралман - жастардың I құрылтайы басталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оралмандардың «Асар» республикалық бірлестігі, Тілдерді дамыту басқармасы, Көші-қон комитеті мен басқа да құзіретті органдардың қатысуымен өтіп жатқан құрылтайда елімізге қоныс аударған қандастарымыздың әлеуметтік - құқықтық мәселелері талқылануда. Еуразия ұлттық университетінің Қазақ тілін дамыту ұйымының жетекшісі Рымхан Әбілханұлының айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты - елімізге келіп, оқуға түскен оралман - жастардың өзекті мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын табу. «Ал, ең бастысы, біз шет елден келген қандастарымызды қазақи ортаға емін-еркін сіңіп кетулеріне жағдай жасауға тиіспіз. Олардың мемлекеттің мүддесі мен елдің егемендігін қорғау жолында  бізбен бірге қызмет жасауларына көмектесуге міндеттіміз»,-дейді Р.Әбілханұлы.

Құрылтайдың ұйымдастырушылары - Оралмандардың «Асар» республикалық бірлестігі және Еуразия ұлттық университеті жанындағы Оралмандар кеңесі.