«Қазақ елі» ескерткіші кез келген азаматтың өзін Қазақстан деген үлкен үйдің мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді - Т.Мұхамеджанов

sp;АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада ашылған «Қазақ елі» ескерткіші кез келген азаматтың өзін Қазақстан деген үлкен үйдің мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.

«Қазақ елі» ескерткіші кез келген азаматтың өзін Қазақстан деген үлкен үйдің мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді - Т.Мұхамеджанов

Бүгін елордадағы «Қазақ елі» сәулет-мүсін кешенінің ашылу салтанатынан кейін өз пікірін білдірген ҚР Сенат Мәжілісінің депутаты, белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен бүгін күшті сезімге бөлендім. Себебі бүгін Астанада Қазақстан халқының тұтастығын айғақтайтын ескерткіш-символ ашылып отыр. Байқап отырсаңыз, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген мүсіннің жанында қарапайым халық - шахтерлар, дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет пен өнер қайраткерлері бар. Меніңше, бұл ескерткіштен кез келген азамат өзін көре алады әрі өзін Қазақстан деген үлкен үйдің толық мүшесі ретінде сезе алады. Бұл мемлекеттің дамуына серпін беретіні сөзсіз. Ескерткіштің ең ұрымтал жағы осы болса керек. Ал нысанның тәрбиелік мәніне келетін болсақ, оның патриоттық маңызы зор. Әрине, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет болмаған жерде ғана жемқорлық сияқты қоғамдық кеселдер орын алып жатады. Халқына адал азамат қана ондай істерге бара алмайды. Сондықтан осы орайда «Қазақ елі» ескерткішінің жас ұрпаққа берер тағылымы мол болады деп сенеміз», - дейді Т.Мұхамеджанов.