Қазақ елі Нұрсұлтан Әбішұлының сауығып кетуіне тілектес - Бауыржан Жамалов

НҰР СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Covid-19 вирусын жұқтырып, науқастанып қалғанын естіп қатты алаңдап отырмыз. Тек еліміздің емес, әлемді алаңдатып отырған індеттің беті қайтарына сенімдіміз, дейді «AZALA Textile» фабрикасының директоры Бауыржан Жамалов.

Қазақ елі Нұрсұлтан Әбішұлының сауығып кетуіне тілектес - Бауыржан Жамалов

«Бүгінде Қазақстан Н.Назарбаевтың арқасында бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Елбасының салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Тұңғыш Президенттің бастамалары мен идеялары терең зерттеулерге арқау болып, оған халықаралық деңгейдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының назары күшейіп отыр.

Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Ұлы дала елі үшін Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың орны қашанда ерек. Қазақ елі Нұрсұлтан Әбішұлының сауығып кетуіне тілектес», дейді «AZALA Textile» фабрикасының директоры.