«Қазақ елі» сәулет-мүсін композициясы - Қазақстанға әбден лайықты - суретші Валерий Крестников
ПЕТРОПАВЛ. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін Астанада «Қазақ елі» сәулет-мүсін кешенінің салтанатты ашылуы болып өтті. Бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихын, мәдениетін, жетістіктерін және қуатын, сондай-ақ қазақстандық сәулет шығармашылығының еңсесін білдіретін бірегей мәдениет нысаны.
Кешеннің ұшар басына Самұрық қондырылып, іргесіне: «Тұңғыш Президент және Қазақстан халқы», «Қаһармандық», «Жасампаздық» және «Болашақ» деп аталатын төрт қола мүсін бедері орнатылған.
Осы оқиғаға орай Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан Суретшілер қауымдастығы филиалының төрағасы Валерий Крестников өз ойымен бөлісті.
«Мұндай сәулет-мүсін композициясы Қазақстанға әбден лайықты. Егер еліміздегі барлық сәулет-монументалдық кешендерінің барлығын назарға алатын болсақ, менің ойымша, «Қазақ елі» кешені Елордамыздың көркі ғана емес, көп ұлтты Қазақстан халқының достық және бірлік рәмізі болады деп ойлаймын», - деді Валерий Крестников.