Қазақ елінің кинематографиясы өте жақсы дамып келеді - киносыншы Жоэль Шапрон

"Бизнес дегенім - фильмдер кинофестивальдерде емес, кинозалдарда өмір сүруі керек. Кинофестивальдер - кинолар үшін алғашқы баспалдақ, барлық көрермендерге жол тартар алдындағы алғашқы жолы ғана. Фестивальдер осы үшін де құрылған. Өкінішке қарай, барлық фильмдер үлкен экранға шыға бермейді. Дегенмен, кинофестивальдер кино сүйер қауымға жаңа туындыны таныстыратын, фильмнің бағын ашатын, режиссердің жұмысына баға беретін шара болып қалмақ. Кино-ол нағыз өнер",-деді Ж.Шапрон.
Оның пікірінше, Қазақстанда қызықты фильмдер шығуда және қазақ елінің кинематографиясы дұрыс және оң бағытта, өте жақсы дамып келе жатыр.
Дөңгелек үстел барысында кинофестивальдер қажет пе, әлде жоқ па, кинофестивальдердің бүгінгі таңдағы жұмысы, алдағы уақыттағы даму жолдары талқыланды. Басқосуға қазақстандық және шетелдік режиссерлер, киносыншылар мен ірі кинофестивальдердің іріктеушілері қатысты.