Қазақ елінің қол жеткізген жетістіктері Елбасының халықаралық аренадағы, әлем саясаткерлері арасындағы беделінің көрінісі - Ә.Бәйменов

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақ елінің қол жеткізген жетістіктері Елбасының халықаралық аренадағы, әлем саясаткерлері арасындағы беделінің көрінісі.
None
None

Бұл пікірді бүгін елордада ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік органдар арасында жылдам шахматтан басталған турнир барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов  білдірді.

«Осыдан 21 жыл бұрын қазақ халқы тұңғыш рет өз тарихында барша халық болып өз басшысын сайлады. Сол күнге орай қазір бізде Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке болып бірінші рет аталып өтіп отыр. Мұның өз заңдылығы бар. Себебі, біз сол Тұңғыш Президентті бүкіл халық болып сайлау арқылы өзіміздің ел екенімізді, дербес мемлекет екенімізді әлемге паш еттік. Өз шешімімізді өзіміз қабылдайтындығымызды жарияладық. Осы жылдары сындарлы саясаттың арқасында Қазақстан әлемде абыройлы орны бар мемлекетке  айналды. Қазақ «Елу жылда ел жаңа» деуші еді, 20 жылда жаңа қоғам құрылды», - деді ол.

Осы орайда агенттігік басшысы 20 жыл бұрын елімізде қандай қоғам болғанын, қандай қиындықтар болғанын баршамыз да жақсы білетіндігімізді баса айтты. Оның пайымынша, содан бергі заманда қоғам жаңа келбетке ие болды. Жүздеген мың адам меншік иесі болып, өзінің құқығын жүзеге асыратын азаматқа айналды. Саяси құқықтарды жүзеге асыру арқылы елімізде қазір көптеген саяси партиялар жұмыс жасауда.

«Астана қазақ қазақ болғалы өзі таңдап, бой түзеген бірінші бас қала.  Астананның салтанатына осында келген шетелдік сарапшылар тамсанады. Бірақ Астана тек салтанатты ғана емес, сонымен қатар әлемге қажет идеяларды туындататын орталыққа айналды. Оның ішінде  G-глобал, АӨСІШК бар. Астанада ЕҚЫҰ саммиті өтті. Кеше ғана ЕХРО-2017 уөрмесі бізде өтетін болып шешім қабылданды. Мұның барлығы біздің Елбасының халықаралық аренадағы, әлем саясаткерлері ішіндегі беделінің көрінісі. Бұл жай келмейді. Ол сонау 91 жылдан бастап қабылданған шешімдердің ұзақ мерзімді басымдықтарға негізделгенінің бір көрінісі», - деді Ә.Бәйменов.

Соңғы жаңалықтар