Қазақ эстрадасының аңызы Лаки Кесоглу: Астана - бұл құлаққа жағымды естілетін ықшамды атау

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ эстрадасының аңызы, кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі Лаки Кесоглу елордаға Астана атауын қайтаруға қатысты пікір білдірді.

Қазақ эстрадасының аңызы Лаки Кесоглу: Астана - бұл құлаққа жағымды естілетін ықшамды атау

Оның айтуынша, Астана – бұл құлаққа жағымды естілетін өте ықшамды атау, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дұрыс шешім қабылданды. Астанаға бұрынғы атауын қайтару керек деп есептеймін. Астана - елорда деп аударылады. Бұл құлаққа жағымды естілетін өте ықшамды атау. Ол барлығының құлағында жатталған. Бұл да маңызды рөл атқарады», - деді Лаки Кесоглу.

Белгілі әнші елордада бірнеше рет болып, концерт берген. Сондай-ақ, ол елорданың қалыптасу кезеңіне қатысты ой-естеліктері жөнінде айтты.

«Мен Астананы қалыптасу кезеңінен бастап білемін. Оның біздің көз алдымызда қалай дамығаны есімде. Елорда десе, бірден ірі құрылыстар ойға оралады. Қала тақыр жерден бой көтерді және ол замануи етіп салынды», - деп түйіндеді әнші.

Бұрын хабарлағанымыздай, депутаттардың елордаға Астана атауын қайтару ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілген болатын.


Фото:old.vecher.kz