Қазақ ғалымдары еңбек биржасында тіркеуде тұрмауы керек - сарапшы

«Бүгін 12 сәуір – қазақ ғылымының төл мерекесі! Ал қазір қазақ агроғалымдары не жасап жатыр? Қазіргі күні қазақтың агроғалымдары еңбек биржасында кезекте, тіркеуде тұр. Қазақстандағы 14 ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары, агроғалымдар еңбек биржасында кезекте екен. Агрария саласының магистранттары, кандидаттар, PhD докторлары – еңбек биржасында жүр!.. Ал бұл биржада оларға бүгінгі ұсынатын жұмыс – көше сыпыру секілді қоғамдық жұмыстар ғана. Бұл ұят нәрсе...», - дейді Алмасбек Садырбаев.
Оның пікірінше қазақтың ғалымдары ешқашанда еңбек биржасында тіркеуде тұрмауы керек. «Қазақ ғалымдары дәл қазіргідей еңбек биржасында тұратын болса, онда біз қалайша ауыл шаруашылығын өркендету, агроөнеркәсіпті дамыту туралы әңгіме айтамыз», - дейді сарапшы.