«Қазақ газеттері» медиахолдингі - 10 жаста

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қазақ газеттері» ЖШС-ның құрылғанына 10 жыл толуына байланысты «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үрдістер: PR, БАҚ менеджменті және маркетингі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,

«Қазақ газеттері» медиахолдингі - 10 жаста

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ұйымдастырып отырған аталмыш шараға Қазақстан БАҚ-тарындағы менеджмент және маркетинг: басымдықтары мен перспективалары талқыланды. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда идеология саласындағы ақпараттық байланыстарды тиімді басқару маңызды орын алып отыр. Сондықтан да мемлекетімізде ақпараттық қоғамды айқындайтын әлеуметтік-мәдени үрдістер: ақпараттық мәдениет, ақпараттық экономика, ақпараттық саясат және ақпараттық менеджмент пен маркетинг сорабы осы бастан қалана бастауы тиіс.

Конференцияға елімізге танымал журналистер мен түрлі басылымдардың редакторлары қатысып, университет қабырғасындағы студенттер мен басылым арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін жастардың материалдарын газет беттеріне жиі жариялап тұру жайында әңгіме қозғады.

Сонымен қатар, аталмыш саланың түйінді мәселелері талқыланып, білікті БАҚ менеджерлері студенттерге арнап шеберлік сыныптарын өткізуге келісті.