Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Дағдарыстан -дамуға: студент жастардың көзқарасы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті

АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін елордада Қазақстан студенттер альянсының ұйымдастыруымен Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Дағдарыстан - дамуға: студент жастардың көзқарасы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті,

Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Дағдарыстан -дамуға: студент жастардың көзқарасы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Басқосуда Елбасы Жолдауында көрсетілген негізгі міндеттер мен бағыттар қозғалды. «Жолдауда біздің көңілімізді аударған мәселелердің бірі оқу ақысын төлеуге мұршасы жоқ студенттерге гранттар мен жеңілдікті несиелер бөлу жайы болды. Студенттер - болашақ мамандар, Қазақстанның келешегі. Сондықтан мемлекеттің келешегі үшін барлық шаралар жасалып жатыр. Қоғамның белсенді бөлігі ретінде біз өз атымыздан Президентке ризашылығымызды білдіргіміз келеді», - дейді Қазақстан студенттер альянсы қозғалысының жетекшісі Ермек Мақашев. Отырыс барысында студенттік қауымның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевке арналған үндеуі талданып жасалды. «Үндеуде Президентіміз Н.Назарбаевқа біздің алғысымыз білдірілді. Мемлекет біз үшін күш салып жатыр. Енді студенттерден қайтарым болуы тиіс екендігін түйсінеміз. Біз үшін қайтарым - жақсы оқу, мықты маман иесі атану, ел дамуына үлес қосу», - деп атап көрсетті ол.