Қазақ халқының үмітін ақтады деп ойлаймын - Ғұсман Қырғызбаевтың әкесі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Kazinform тілшісі қазақстандық татами шебері Ғұсман Қырғызбаевтың әкесі Данияр Қырғызбайұлы пен анасы Ұлбала Әпентаеваның шаңырағында болып, Олимпиада жүлдегерінің ата-анасының алғашқы эмоциясының куәгері болды.

- Дзюдо жарысының бірінші күні өте сәтті аяқталды. Елдос бауырым алтын алып келді. Екінші күні Ғұсман баламыз қола медаль алды. Ол да бір үлкен жетістіктің бірі, қазақ халқының үмітін ақтады деп ойлаймын. Алда қатысатын қалған спортшыларымызға жеңіс пен сәттілік тілеймін, - деді Ғұсман Қырғызбаевтың әкесі Данияр Қырғызбайұлы.
Ғұсман Қырғызбаевтың сыңары Ғұмар Қырғызбаев бауыры екеуі спортқа 5-сыныптан қатысқанын атап өтті.


- Сыңарым екеуіміз 5-сыныпта дзюдоға бардық. Алғашқы жаттықтырушымыз - Ерке Отызбаев болды. Ордабасы ауданы, Темірлан елдімекенінде 11-сыныпты бітіріп, 2010 жылы Туризм және спорт академиясына түстік. 2013 жылдан бастап Ұлттық құрама сапына кірдік. Оған дейін қазақша күреспен айналысқанбыз. Дзюдо олимпиадалық спорт болғандықтан, қатты қызығып, осы спортта бақ сынап көрейік дедік. Жалпы спортта сыңарың болғаны жақсы, - деді Ғұсман Қырғызбаевтың бауыры Ғұмар Қырғызбаев.