Қазақ халқының бүгінгідей жетістікке жетуі, елдің бірлігі мен ұйысқандығының арқасы - Д.Қамзабекұлы
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазақ халқының бүгінгідей жетістікке жетуі, елдің бірлігі мен ұйысқандығының арқасы»,- дейді Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, белгілі Алаш танушы ғалым Диқан Қамзабекұлы.
Бұл туралы ол бүгін «Этникалық төзімділік пен этникалық стереотиптер» атты дөңгелек үстел отырысында айтты.
Ғалымның пікірінше, Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылында біршама қиындықтарды бастан өткеріп, қазір оларды бір сараптап шығатын кез келді. «Арғыға бармай қазақ хандығынан бастайық. Жәнібек пен Керей қазақ хандығын құрған уақытта санымыз қанша еді, қазір қанша? Осы жетістіктердің барлығы елдің бірлігі мен ұйысқандығының арқасы. Жалпы қазақ деген сөздің тегі еркін, демократиялы, азат деген сияқты сөздердің барлығына жауап береді. Осыны біз азаматтарымызға терең түсіндіре білуіміз керек»,-дейді Д.Қамзабекұлы.