Қазақ халқының кеңпейілділігі ғасырлар бойы қалыптасып, дамып келе жатқан аса құнды қасиет - Мұрат Жұрынов

Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Өзара түсінісу философиясы - қазақстандық қоғамның рухани келісімінің негізі» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.
«Қоғам ішіндегі түсіністік әрдайым бірінші орында болу керек. Біз көбінесе көпұлтты мемлекетпіз деп айта береміз. Әрбір этнос өзінің елінен, жерінен келіп Қазақстанда тұрып жатқандай теріс ұғым туады. Осыны ескермейміз. Егер біз сияқты этнос санын санайтын болсақ кез келген мемлекетте 120-дан кем ұлт пен этнос бар. Моноұлтты ел саналатын Арменияның өзінде біздің қағидатпен санайтын болсақ 120 емес, 140 этнос шығады», - дейді ҚР ҰҒА Президенті Мұрат Жұрынов. Оның айтуынша, қазақ елі Ұлы Жібек жолы арқылы ел мен елдің, жұрт пен жұрттың жақындасуына өз ықпалын тигізді. Оның кеңпейіл, қонақжай пейілі дархан даласындай кең. Біз оны әрдайым мақтан тұтып, әлемге паш етуіміз керек. Бұл жұмыста философтардың рөлі зор.