Қазақ хандары мен батырлары жайында анимациялық фильм көрермендерге жол тартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ хандары мен батырлары туралы анимациялық фильм түсірілуде. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова осылай айтты.

Қазақ хандары мен батырлары жайында анимациялық фильм көрермендерге жол тартады

«Ел аманаты» атты әрқайсысы 10 минутты қамтитын алты бөлімді анимациялық фильм түсірейін деп жатырмыз. Ол анимациялық фильмдерде Керей мен Жәнібек хандарды жастық шақтары мен хан кездері суреттелмек»,-деді А. Райымқұлова.

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, бұған қоса қазақ үшін қасиетті құжат, яғни «Жеті жарғыны» қабылдаған Тәуке хан жайында, сонымен қатар Абылай хан, Наурызбай, Қабанбай, Бөгенбай батырларымыз, Аңырақай шайқасы туралы осы алты бөлімді анимациялық фильм дайындалу үстінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінде Қазақ хандығы туралы сериал түсіруге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Онда Жәнiбек пен Керей хандығынан Кенесары ханға дейiнгi кезең қамтылады.