Қазақ хандығы туралы сериалға Қытай мен АҚШ мамандары қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ хандығы туралы көпсериалы фильм тарихи кино саласында тәжірибесі мол Қытай, АҚШ мамандарының қатысуымен түсірілуі мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА-ның ресми сұратуы бойынша, Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлады.
None
None

«Қазақфильм» киностудиясында Қазақ хандығы туралы сериял әзірлену үстінде. Белгілі продюссер, режиссерлардан (Т.Жақсылықов, С.Елубай, Р.Нұғманов, И.Ахмет, А.Асенов, А.Сатаев, Р.Әбдрашев) тұратын жұмыс тобы құрылды. Алғашқы түсірілім жұмыстары 2015 жылы басталып, фильм қазақ тілінде түсіріледі. Орыс тілінде дубляж жасалмақ.

Сонымен қатар, ҚазАқпарат ведомствоға сауалында түсірілген фильмді болашақта өзге елдердің телеарналарынан көрсету мүмкіндігін сұрады. Министрліктің хабарлауынша, әріптестік орнатқан елдердің телеарналарында көрсетілуі мүмкін. Олардың қатарында Түркия, Ресей, БАӘ, Мысыр, Иордания, Грекия, Израиль, Тайвань, Сингапур және тағы басқалары бар. Қытайдың CCTV телеарнасымен келіссөздер жүргізілуде. Ведомствоның хабарлауынша, бұл жалғыз тарихи кинотуынды ғана болып қалмақ емес. Министрлікте «Мәңгілік ел» ұлттық фильмдер өндірісі бойынша, арнайы бағдарлама жасалды. Аталған жоба бойынша, Қазақстанның жетекші мамандарының қатысуымен 2015-2017 жылдар аралығында танымал жанрларда фильмдер мен сериалдар түсірілу көзделген.

Соңғы жаңалықтар