Қазақ хандығы тұсында зұлым күштермен шайқасқан жаужүрек аңыз кейіпкері туралы комикс жарық көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Қазақ хандығы пайда болған уақытта өмір сүрген, қара күшпен (мыстан, жалмауыз кемпір, жезтырнақ, айдаһар және алып жыландар) айқасатын супермен туралы комикс шықты. Бұл туралы Экспресс К жазады.

Қазақ хандығы тұсында зұлым күштермен шайқасқан жаужүрек аңыз кейіпкері туралы комикс жарық көрді

«Бұл жобаны университетте оқып жүргенде, бес жыл бұрын бастағанмын, - деді алматылық суретші Мәдибек Мұсабеков. - Өткен жылы Ермек батыр жайлы алғашқы комикс шықты. Мұндай кейіпкер өмірде болмаған, тек авторлық персонаж. Ермек өте мықты, табанды. Қазақ хандығын қара күштен тазартуға жәрдемдеседі».

Мәдибек Мұсабековтің әлеуметтік желіде парақшасы бар, онда ол өз идеяларын жариялап, жанкүйерлердің пікірін саралайды. Ресейліктер қазақстандық комикстерге жоғары баға берген.

«Менің комикстерімнің жасы 16 және одан жоғары, - деді Мұсабеков. - әзірге оларды шынайы бағалайтындарды бағдарға алудамын. Келесі кейіпкерлерім Қазақ хандары - Жәнібек пен Керей болмақ».