Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойындағы жарқын оқиғалардың бірі - «Мәңгілік Ел» театрландырылған қойылымы болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойын меркелеу аясындағы жарқын оқиғалардың бірі «Барыс» Мұз сарайында өтетін театрландырылған «Мәңгілік Ел» қойылымы болмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова мәлім етті.
None
None

«Қазақ хандығының мерейтойы екі кезеңде өтеді: біріншісі - Астанада, ал екіншісі - Таразда. Астанадағы салтанатты шаралар 11 қыркүйекте ұйымдастырылады», - деді департамент директоры.

Оның сөзіне қарағанда, сол күні Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысының қатысуымен Тәуелсіздік сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын өтеді.

Ал түстен кейін Назарбаев Университетінде «Мәңгілік Ел» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылмақ. Оған мыңнан астам отандық және шетелдік ғалымдар, халықаралық сарапшылар, депутаттар мен ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Мұнымен қоса, кешқұрым «Барыс» Мұз сарайында театрландырылған ауқымды мерекелік қойылым өтеді.

Белгілі болғандай 9 қазанда Таразда жалғасатын екінші кезең аясында «Қазақ хандығына 550» монументін салтанатты түрде ашу, «Көне Тараз» мұражайының ашылуы, сондай-ақ бірқатар мәдени шаралар қамтылып отыр.

Өз кезегінде Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов елордада өтетін бағдарламаға сәнді қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкесі, халық шеберлерінің көрмесі, еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарының концерттері кіретіндігін атап өтті.

«Қазақ хандығының 550 жылдығы аясындағы мәдени шаралардың негізгілерінің бірі республика аймақтарының қатысуымен «Қазақ елі» монументі маңындағы алаңда өтетін этно-ауыл мен бұқаралық серуен болып табылады. «Қазақ Елі» монументі алаңы үш күнге елорда тұрғындары мен қала қонақтары тамашалай алатын үлкен этно-ауылға айналады. Алаңда елу киіз үй тігіліп, екі үлкен сахна, алтыбақандар, спорттық алаңдар, тайқазандар және басқа да нысандар орнатылады», - деді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар