Қазақ хандығының 550 жылдығын бүкіл ел болып атап өтуіміз қажет - Б.Сапарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдығын бүкіл ел болып атап өтуіміз қажет. Бұл туралы бүгін Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі республикалық комиссияның бірінші отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.
None
None

Б.Сапарбаев өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаев келесі жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өткілетіндігін айтқандығын еске салған ол: «Жақында ғана Үкімет қаулысы қабылданды. Оған сәйкес осы іс-шараны өткізу үшін республикалық комиссия құрылды. Оның төрағасы Премьер-Министрдің орынбасары, құрамына Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, министр, Жамбыл облысының әкімі, министрлердің, облыс әкімдерінің орынбасарлары енді»,- деді.

Оның айтуынша, бүгін комиссияның бірінші отырысын өткізудегі мақсат - келешекте қандай іс-шаралар өткізу керектігін пысықтау.

«Бұл мерекені бүкіл қазақстандықтар болып атап өтуіміз керек. Мемлекеттің қалыптасуы сол кезден басталатындығын нықтап, оның қазаққа ғана емес, Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдеріне қатысты екенін паш етуге тиіспіз»,- деді ол.

Үкімет басшысы орынбасарының сөзіне қарағанда, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатысты іс-шаралар тек қана Жамбыл өңірмен шектелмеуі тиіс. Себебі қазақ хандығының ары қарай дамуына, қалыптасуына басқа да қалалардың үлесі бар. Мәселен, Түркістан, Сығанақ, ар жағындағы Сарайшық, Бөкей ордасы, мына жақта Ұлытау, Көкшетау және басқа біздің қалаларымыз хандық болған елді мекендер», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар