Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих пен тіл тамырлас» жыр мүшәйрасы жарияланды

Мүшәйраның мақсаты - ұлттық тарихты ұлықтау, тілдің тереңдігін таныту, мемлекеттілік пен елдікті қалыптастырудағы қос ұғымның маңыздылығын жас ұрпақтың санасына сіңіру. Сондай-ақ жас ақындардың поэзия өнеріне қолдау көрсете отырып, тарихи-әдеби шығармашылыққа жұмылдыру да көзделген. Мүшәйра екі кезеңнен: іріктеу кезеңі және қорытынды кезеңінен тұрады. Қатысушылар Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған өз өлеңдерін ұсынуы керек. Мүшәйраға 14-29 жас аралығындағы жас ақындар қатыса алады. Оқылатын шығармалар көлемі 2-3 минуттан аспауы тиіс. Жастар мүшәйрасына қатысуға өтініштер мен өлеңдер 15 қыркүйекке дейін қабылданып, іріктеледі, нәтижесі үміткерлерге 16 қыркүйек күні хабарланады. Қорытынды сайыс 22 қыркүйекте өткізіледі. Қазылар ақындардың сөз қолданысына, өлеңнің мазмұны мен тереңдігіне, ұйқасына, көркемдік ерекшелігіне, тақырыпты ашу сипатына, шығармаларын оқу шеберлігіне, тіл тазалығына, сахна мәдениеті мен киіміне назар аударады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, диплом және алғысхаттармен марапатталады. Мүшәйраға қатысу туралы толық мағлұматты 55-67-25, 8 775 335 04 14 байланыс телефондары арқылы білуге болады.