14:50, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақ қаламгері Ресей орденімен марапатталды
АЛМАТЫ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Мәскеуде бір топ қаламгерге Ресей ордендері мен сыйлықтарын тапсыруға арналған салтанатты жиын болды.

Жоғары құрметке ие болғандар қатарында белгілі жазушы Сәбит Досанов та бар. Орыстың ұлы ақыны және көрнекті мемлекет қайраткері Гавриил Державин ордені қазақ қаламгеріне ізгілікті идеяларға қызмет ететін шығармалары мен белсенді қоғамдық қызметі үшін берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне жазушы С.Досановтың өзі хабарлады. Бұған дейін аталған орденмен шет ел жазушыларынан бір ғана қаламгер ? Болгария Жазушылар одағының төрағасы Николай Петев марапатталған болатын. Ал марапатқа ие болғандар қатарында Сергей Михалков, Валентин Сорокин, Валерий Ганичев, Владимир Крупин сынды көрнекті орыс жазушылары бар. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Ресей әдебиеті мен мәдениетінің өкілдері қазақстандық қаламгердің әлем әдебиетіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.