Қазақ киносына кеңістік жасауымыз керек - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Ы. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кино прокат нарығында отандық фильмдердің үлесі 3 пайызды құрайды. Бұл елдегі киноиндустрияның қазіргі жай-күйін көрсетеді, деді Елбасы бүгін Алматыдағы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының жұмысымен танысқан кезде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір кино - идеология, патриотизм. Адамдар көбіне кино көреді. Жақсы фильмді біз де көреміз. Кассета сатып аламыз. Ол болуы тиіс. Біз де осындай көркем фильмдер түсіруміз керек. Осыған орай сіздерге алғыс айтқым келеді. Бүгінгі көрген киноларда отаншылдық асқақтап тұр. Біз жас елміз. Жас ұрпақты тәрбиелеуге мұқтажбыз. Қазақ киносында қазақ жеріне деген махаббат, еліне, ұлтына деген сүйіспеншілік болуы керек. Онда елім, атақоныс жерім деген сөздер болу қажет», деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының сөзіне қарағанда, қазақ 50-100 жылдан кейін қалай, қай жерде, кіммен бірге болады? Тәуелсіздігімізді қалай сақтап қаламыз деген сауалдарға тек қана өжет, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелесек қана жауап таба аламыз. Сондықтан кино тарихты ғана емес, қазіргі заманғы тақырыпты да көтеруі керек. Қазақ киносына кеңістік жасау үшін енді мемлекет тарапынан да қолдан келген көмектің бәрі жасалады.