Қазақ қыздары ІТ-саласын меңгеруде
Елордада IT-AIEL бағдарламасын табысты аяқтаған 50 қыз-келіншекке сертификат тапсырылып, 5 жобаның таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Kazinform.
«Біз алдағы уақытта да бұл бағдарламаға қаржылай қолдау көрсетіп, ілгерілете береміз деп ойлаймын. Алдағы 3 жылдың ішінде ІТ-индустриясындағы экспорт көлемін 1 млрд долларға дейін жеткізу сынды үлкен міндет тұр. Сондықтан да осы бағытта ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Астана хабты қолдауға арналған жылдық бағдарламаға млрд теңгеден асатын қаржы жұмсалады. Ал алдымызда экспорт көлемін млрд долларға жеткізу міндеті тұр. Бұл 450 есе көп. Биыл бұл тапсырманы мерзімінен бұрын орындаймыз», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин.
Іс-шара барысында бағдарлама аясында ІТ білімін жетілдірген Даяна Ахметбекова иммигранттарды әлеуметтік бейімдеу мәселелеріне арналған жобасын таныстырды.

«Менің жобам инновациялық шешімдерді ұсынады. Қосымша Қазақстандағы мәдениет, білім және жұмыс жайлы ақпараттарды береді. Тіл үйренуге жәрдемдесіп, әлеуметтік ықпалдасуға жол ашады», - деді ол.
Бала күтіміне байланысты үйде отырған жобаның тағы бір қатысушысы Әлия Оразымбетова да 2 айлық бағдарламаны оқығаннан кейін жоба әзірлеген.
«Technowomen арқылы жобасы жайлы білдім. Білімімді тегін желдіргеннен кейін ІТ-саласындағы жобамды дүниеге әкелдім. Елордада мектепке дейінгі бастағы жеткіншіектер үшін IT-bala ІТ-орталығын ашқым келеді», - деді жоба қатысшысы.



