Қазақ қызы Германияда өткен беделді хореографиялық байқауда алтын медалге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM – Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлова 2024 жылдың 20 ақпанында Германияда өткен «TANZOLYMP» беделді халықаралық хореографиялық байқауының алтын медаліне ие болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Казахстанка завоевала «золото» престижного хореографического конкурса в Германии
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Өнер додасында Аққанат Анвара Садықова қойған «Аққу» және Алмат Шамшиев қойған «Ерке бала» атты екі би нөмірін ұсынды.

«800-ден астам өнерпаз бақ сынаған байқауда 34 қатысушы іріктеуден өтіп, Гала-концертте өнер көрсетті. Айта кету керек, Аққанат — Гала-концертте „Халық биі“ номинациясы бойынша өнер көрсетуге мүмкіндік алған жалғыз өнерпаз» - делінген хабарламада.

«TANZOLYMP» фестиваль-байқауы жыл сайын өткізілетін беделді хореографиялық байқаулардың бірі. Байқау бағдарламасын мәдениет және өнер қайраткерлері мен кәсіби би оқытушылары бағалайды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар