Қазақ қызы Өзбекстанға тұңғыш Олимпиада жолдамасын сыйлады

балуан қыз
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Кеше ғана күрес түрлерінен Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Азия аймақтық Олимпиада ойындарына іріктеу жарысы өз мәресіне жетті.

Аталған сында еркін күрес шеберлері екі жолдамаға қол жеткізсе, грек-рим күресінің шеберлері үш лицензия жеңіп алды. Ерлер арасындағы бәсекеге әр құрамдан бес балуаннан аттанған еді.

Ал «әйелдер құрамасынан алты балуан Олимпиада жолдамасына таласып, өкінішке қарай барлығы лицензияға қол жеткізе алмады.

Алайда, Өзбекстан құрамасы сапында Париж олимпиадасының жолдамасына таласқан 50 келі салмақтағы қазақ қызы алғаш рет Өзбекстанға әйелдер күресінен Олимпиада жолдамасын сыйлады. Тарихи лицензияны қандасымыз Ақтеңге Кеунимжаева жеңіп алды.

Ол белгілі спорт журналисі Телжан Күдеровке берген сұхбатында өзінің ұлты қазақ екенін, ал руы кіші жүз ішінде әлім екенін жасырмай айтып берді.

Соңғы жаңалықтар