12:25, 11 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Қазақ көкпаршылары Ресейді жеңіп, финалға өтті
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазанат» ипподромында Қазақстан мен Ресей көкпаршылары жартылай финалда өнер көрсетіп, қазақстандық шабандоздар ақтық додаға өтті.


Қазақстан құрамасы бұл ойында, 18 салым салса, ресейлік көкпаршылар серкені шеңберге небәрі 2 рет қана дүп тастай алды.
Сонымен қорытынды есеп — 18:2.

Қазақстан көкпаршылары ертең Қырғызстан командасымен алтын жүлде үшін таласқа түсетін болады.

Еске салайық, кеше қазақстандық шабандоздар америкалық көкпаршыларды 12:4 есебімен ұтса, іріктеу кезеңінде Өзбекстан құрама командасын 16:0 есебімен айқын жеңген еді.
Бұған дейін ҚР көкпар құрама командасының капитаны Тұрғанбек Құрманбек Қазақстан құрамасының басты қарсыласы — қырғызстандық көкпаршылар екенін айтқан болатын.