Қазақ көлік және коммуникация академиясының 43 студенті мемлекет тарапынан бөлінген қосымша грантқа ие болды

АЛМАТЫ.Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат/Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Қазақ көлік және коммуникация академиясында студенттерге қосымша мемлекеттік білім гранттарын табыс ету рәсімі болды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемдік экономикалық дағдарыс  қоғамда   әртүрлі мәселелердің тууына  себепші болғаны белгілі. Сондықтан Қазақстан Үкіметі дағдарысқа қарсы шара аясында студенттерге әлеуметтік көмек көрсетіп,  білімге деген ынтасын арттырып, бәсекеге қабілетті маман болулары үшін жағдай тудырып отыр. Наурыздың 1-нен бастап ақылы бөлімде үздік оқитын студенттерге 3 миллиард теңге  білім гранты ретінде бөлінгені белгілі.Осыған сәйкес Республикалық конкурс комиссиясының  тамыздың 20-да 65 жоғары оқу орнының 1525 студентіне қосымша мемлекеттік білім гранты бөлінген болатын. Соның ішінде 43 білім гранты аталған Академияның   студенттеріне тиесілі болып отыр.

Бүгін Академия басшылығы грант иегерлерін құттықтап, Үкімет тарапынан жастарға білдіріліп отырған сенімді ақтау керектігін атап өтті.Академия ректоры Әділбек Ботабековтың айтуынша, мұнда ақылы бөлімде оқитын студенттерді әлеуметтік жағынан қорғау бағытында бір қатар жеңілдіктер жасалған. Мысалы, үздік оқитындарға - 10 пайыз, айрықша «Алтын белгі» аттестат иелеріне - 15 пайыз, көп балалы отбасыдан шыққандарға - 25  пайыздық жеңілдіктер жасалған.

Шараға  «Нұр Отан» халықтық-демократиялық  партиясының Алматы қалалық бөлімшесі мен Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбеков қатысып, грнат иегерлерін құттықтады.

Соңғы жаңалықтар