Қазақ қолкүресшілері Әлем Кубогі жарысында жалпыкомандалық 3 орынды жеңіп алды
АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Польшаның Ожарув Мазовецкий қаласында қолкүрестен Әлем кубогі жолындағы жарыс өтті.
Оған әлемнің 22 елінен ең мықты деген қолкүресшілер қатысты.
Құрамында 12 спортшысы бар қазақстандық команда еліміздің намысын қолдан берген жоқ. Отандастарымыз ол турнирде жалпыкомандалық 3 орынды иеленді. Қазақстан қанжығасы 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен майланды.