Қазақ күресі: Бразилиядағы Әлем чемпионатынан Қазақстан 3 алтын еншіледі

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Бразилияның Сан Пауло қаласында қазақша күрестен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл сыннан Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 9 қолаға қол жеткізді.

Қазақ күресі: Бразилиядағы Әлем чемпионатынан Қазақстан 3 алтын еншіледі

"Аламан" спорт агенттігінің таратқан ақпаратына сәйкес, 60 келіде Төленбай Қасымхан, 70 келіде Бекарыс Ғайнолла және +90 келіде Еламан Қойшыбаев әлем чемпионы атанды.
70 кг. Ғайнолла Бекарыс - 1 орын

Абдығазиев Бекболат  - 2 орын;

Темирханов Данияр  - 3орын;

60 кг. Төленбай Қасымхан -1 орын;

Ниетбай Дәулет  - 2 орын;

Рантаев Райымбек  - 3 орын;

+90 кг. Койшыбаев Еламан - 1 орын;

Бектұрсынов Жолдасбек  - 3 орын.