Қазақ күресі «ЭКСПО-2017» аясында кеңінен насихатталады

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Астанадағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында қазақ күресі кеңінен насихатталады. Бұл туралы бүгін Астанада ашылған «Қазақ күресінің өткені, бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы I республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Таңатбек Есентаев мәлім етті.
None
None

«Біз «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында қазақ күресін кеңінен насихаттауды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта Әлем чемпионаты және «Қазақстан барысы» турнирі ұйымдастырылады», - деп атап көрсетті Т.Есентаев. Сондай-ақ қазақ күресін материалдық емес мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО бағдарламасына енгізу көзделіп отыр. Себебі спорттың бұл түрі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар