Қазақ күресі универсиада бағдарламасына енді

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат -  Кәрі құрлықтан жағымды жаңалық. Қазақ күресі Универсиада бағдарламасына енді.

Қазақ күресі универсиада бағдарламасына енді

Бұл туралы «Аламан» порталына қазақ күрес федерациясының басшысы Серік Төкеев мәлімдеді.

«Сәуірдің басында Швейцарияда өткен ФИЛА жиынында бұл мәселе шешілді. Қазақ күресі - студенттер олимпиадасының бағдарламасында. Енді төл күресімізді Азия ойындарының бағдарламасына енгізсек деп отырмыз»,  деді Серік Төкеев өз сұхбатында.