Қазақ күресінен Азия чемпионаты: Моңғол спортшысы финалда қазақ балуанын тізе бүктірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен өтіп жатқан Азия Чемпионатының ақтық сайыстары жалғасуда. 100 келіге дейінгі салмақта чемпионатта қазақ және моңғол балуаны күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ күресінен Азия чемпионаты: Моңғол спортшысы финалда қазақ балуанын тізе бүктірді

Ақтық сайыста Қазақстанның намысын қорғаған Бауыржан Қабаев барын салғанымен, моңғолиялық Тувшынжарғал Ганнан айласын асыра алмады. Осылайша, +100 келі салмақта топ жарған Серік Бердімұратпен бірге Ган да Азия біріншілігінің жүлдесіне ие болып отыр. Аталмыш салмақта үшінші орынды тәжікстандық Куршед Шәріпов пен түрікменстандық Ихлас Сетдаров иеленді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақ күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында +100 келі салмақта бірінші орынға Моңғолия балуаны Серік Бердімұрат ие болғанын хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетсек, елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде.