Қазақ күресінен ел біріншілігінде қызылордалықтар бірінші орынды жеңіп алды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында қазақ күресінен 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында қызылордалық палуандар жалпыкомандалық есепте бірінші орынды (5 алтын, 2 күміс, 6 қола) жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақ күресінен ел біріншілігінде қызылордалықтар бірінші орынды жеңіп алды

Жекелей сында жеңімпаз атанған спортшылар: Фариза Қайырбек (Қызылорда 36 келі), Жандос Әбубәкір (Шиелі ауданы 46 келі), Олжас Оразалыұлы (Түгіскен 57 келі), Абылайхан Жұбаназар (Қазалы қаласы 64 келі), Аида Файзолла (Қызылорда +70 келі).

Күміс жүлделер: Айым Зәріп (Қызылорда 44 келі), Бағдәулет Төлешов (Қызылорда 57 келі).

null  

Қола жүлделер: Наргиз Войсова (Қызылорда 48 келі), Диана Ғайболла (Түгіскен 52 келі), Гүлзат Өренбаева (Қызылорда 57 келі),: Әйгерім Кенжебай (Жалағаш ауданы 70 келі), Еңбек Сақтағанов  (Қызылорда 81 келі) және Айберген Алдаберген (Түгіскен 81 келі).

Спортшыларды жарысқа жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Берік Қасымбеков дайындады.