Қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасовты еске түсіруге арналған І ашық турнир жеңімпаздары анықталды

АЛМАТЫ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақтың спорт және туризм академиясында қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасовты еске түсіруге арналған Алматы қаласының І ашық турнирінің жеңімпаздары анықталды.

Қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасовты еске түсіруге арналған І ашық турнир жеңімпаздары анықталды

Оған Алматы қаласының Алмалы, Алатау, Әуезов, Бостандық, Түркісіб аудандары мен "Достық" демалыс орталығынан және Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстары мен Алматы облысының Қарасай, Райымбек, Іле аудандарынан 12 команда қатысты. Аса тартысты өткен сайыста өз салмақ дәрежелері бойынша Ислам Тоқтасын (38 кг), Елжас Аманбай (42 кг), Жарас Мазамов (46 кг), Дамир Бақтыгереев (51 кг), Әділет Бегалиев (57 кг), Дулат Сәлімбаев (64 кг) пен Азамат Бегалиев (+64 кг) жеңімпаз атанды. Оларға Әлібек Ақмалиев, Әнуар Сайдулин, Болатбек Ибрагимов, Досым Қоқанов, Жангелді Хамитов, Замир Батыров пен Рафаэль Хабиров төрелік жасады.