Қазақ-қырғыз шекарасынан 25 кг героин тәркіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-қырғыз шекарасынан 25 килограмм героин мен 3 килограмм гашиш тәркіленді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
«Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қарасу» өткізу бақылау бекетінде қазақстандық шекарашылар кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып 52 жастағы Ресей Федерациясының азаматы жүргізіп келе жатқан «Шевролет - Нива» автокөлігін ұстады.
Себебі, аталған машинаны инспекциялық-жете тексеру кезінде, жанармай жүйесі ретінде қолданылатын газ балонының ішінен есірткілік зат - героин шықты. Жалпы саны 28 түйіншекті таразыға тартып жібергенде 25 килограмға жуықтады. Одан әрі тексергенде цилиндрлі формадағы пакет табылып, одан 3 килограмм болатын түр-түсі «гашишке» ұқсайтын зат шыға келді», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.