Қазақ-қырғыз шекарасында азық-түлік өнімдерін жасырын алып өтпек болған азамат ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасы «Тараз» шекара отрядына қарасты «Сыпатай батыр» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары 49 жастағы Қырғызстан азаматын ұстады. Ол «VOLVO» көлігінің құпия жеріне азық-түлік өнімдерін жасырып, мемлекеттік шекарадан өзінің еліне заңсыз алып өтуге тырысқан.

Қазақ-қырғыз шекарасында азық-түлік өнімдерін жасырын алып өтпек болған азамат ұсталды

«Күдіктінің автокөлігін тексеріп қараған кезде, шанағының құпия жеріне жасырылған азық-түлік өнімдері - 12 қап ұн мен 30 шөлмек күнбағыс майы (150 литр) табылды», делінген ҚР ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған азаматқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқықтық кодексінің 427-бабы бойынша (Кедендік одақтың мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін тауарды кедендік және шекаралық бақылаудан жасыру) айып тағылды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.