Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Тоқмоқ-авто» бекеті екі айға жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Тоқмоқ-авто» өткізу бекеті 2016 жылдың 25 қыркүйегінен 25 қарашасына дейін жабылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Тоқмоқ-авто» бекеті екі айға жабылады

«Өткізу орындарындағы тұлғалар мен көлік құралдарын өткізу мүмкіндігін арттыру мен өту жағдайларын жақсарту мақсатында «Тоқмоқ-авто» өткізу бекетінде құрылыс жұмыстары жоспарланып отыр», делінген  21 қыркүйекте ҚР ҰҚК Шекара қызметіне Қырғыз Республикасының Чу облысы бойынша шекара қызметінен келген хатта.
Бұл нысандағы құрылыс жұмыстары аяқталған соң, күрделі құрылыс жұмысы Қордай шекара жасағының «Ауқатты-авто» өткізу бекетіне қарсы орналасқан «Кеңбұлұн-авто» өткізу бекетінде басталады.