Қазақ-қырғыздың құдалығы туралы фильм халықаралық фестивальге қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қырғыз-қазақ бір туған» көркем фильмі Уфада өтетін «Күміс Ақбозат» ұлттық және этникалық кино халықаралық фестиваліне қатысады, деп хабарлады режиссер Нұрлан Әбдіқадыровқа сілтеме жасап AkiPress. Режиссер Нұрлан Әбдіқадыров кинофестивальға қатысушы ретінде шақырылды. Оның фильмі байқау бағдарламасына қатысу үшін таңдалды.
None
None

«Күміс Ақбозат» кионфестивалі 26-28 қазанда Уфада өтеді. Шараның негізгі мақсаты - әлем халықтарының рухани, мәдени құндылықтарын насихаттау, ұлтық және этникалық бағытта фильм түсіретін киноматографистер шығармашылығын тарату. Байқау бағдарламасына толық метражды, қысқа метражды қойлыым және деректі фильмдер қатысады.

Қырғызстандағы ауылдың кедей отбасы Қазақстанда бай отбасымен құдандал болуды армандап, тау өткелі арқылы Алматыға қалыңдық айттырып келеді. Шекарадан заңсыз өтпек болғанда ұсталған олар мәмілеге келіп, мина салынған жәшікті Алматыға жеткізуге келіседі.

Соңғы жаңалықтар