Қазақ-қытай инвестициялық форумы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің Ауыл ша­руа­шы­лығы ми­ни­стр­лі­гінің ша­қы­р­туымен Ас­танаға Қытай Халық Рес­пуб­ли­касының Ауыл ша­руа­шы­лы­ғы министрі ресми жұ­мыс сапарымен келді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумы өтті

Ол аграрлық саладағы іс­кер­л­ер тобын бастап келді. Сапар барысында Қазақстан Рес­публикасы Премьер-Мини­стрі­нің орынбасары - Ауыл ша­руашылығы министрі Асқар Мыр­­захметов пен Қытай Халық Рес­публикасы Ауыл ша­руа­шы­лығы министрі Хань Чанфудың екіжақты кездесуі және қазақ-қытай аграрлық инвестициялық форумы болып өтті. 

Екіжақты кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың ауыл ша­руашылығы саласы бойынша әріп­тестігі, әсіресе, ветеринария және органикалық өнімдер жө­нін­де­гі өзекті мәселелер, бір­лес­кен ин­вестициялық жобаларды ұйым­дас­тыру және жүзеге асыру жайы тал­қыланды.  Инвестициялық форумды екі елдің ауыл шаруашылығы мини­стрл­ері ашты. Аталған форум­ның жұ­мысына екі жақтан 100-ден аса бизнес, білім және ғылым өкілдері қатысты.  А.Мырзахметов форумдағы сөзінде Қытай Халық Респуб­ли­касы Қазақстанның жалпы эко­номикалық, оның ішінде аг­ро­­өнеркәсіптік сала бойынша ма­ңызды стратегиялық әріптесі екен­дігін атап көрсетті. Бұл сала­да екіжақты қатынас жыл өт­кен сайын өріс ала түсуде. Осы жолы бірнеше құжатқа қол қой­ылмақ. Олар екі ел арасындағы са­­лалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарады деп кү­ті­лу­де. Соның ішінде Қытай та­­­ра­пының Қазақстаннан осы ел­ге шы­ғарылатын тау­ар­лар­ға қой­ы­латын бірқатар фи­то­с­а­­ни­тар­лық шектеулерді алып тас­­тауға ни­ет танытып отыр­ған­дығын айтуға болады.

Сондай-ақ Астанада Қазақстан-Қытай аграрлық-инвестициялық форумы өтті. Аталған басқосуға екі жақтың бизнес, білім беру және ғылым саласының 100-ден астам өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан-Қытай биология­лық қауіпсіздік зертханасының іргетасы қаланды. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Харбин ветеринарлық зерттеу институтының басшылары қатысты.

Аталған жоғары оқу орны Солтүстік-Батыс ауыл және орман ша­руа­шылық университетімен бірлес­кен агротехникалық парк ашуға және қытайлық картоп өсіруші XISEN компаниясымен картоп өсіруге арналған тәжірибелік шаруашылық құруға келісім-шарт жасады. Зертханада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Харбин ветеринариялық зерттеу институты мен Шынжаң аграрлық университетіндегі әріптестерімен бірге жануарлар ауруы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Айт­жан Әбдіровтің айтуынша, мұндай зерттеулер төрт түлік малды жаппай қырылудан сақтайды.

- Зертхана мамандары жануарлар мен құстар ауруының алдын алып, азық-түлік пен мал өнімдерінің зерт­ханалық зерттеуін жүргізеді. Ол Қазақстандағы мал ауруларын диаг­ностикалау мен алдын алу және азық-түлік өнімдерін сынау саласындағы жетекші мекемелердің бірі болуға тиісті. Сонда біз Қытай елімен шекаралас аймақтардың биология­лық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Қытайға шығарылатын ет экспортын ретке келтіреміз, - деді ол.
Ал Ма Ю Цай ғылым мен маман дайындау саласындағы тығыз ынтымақтастық үшін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне алғыс білдірді.

Зертхана Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында бекітілген Келісімді және Қытай Ауыл шаруашылық ғылымдар академиясы, Шынжаң аграрлық университеті, Харбин ветеринариялық зерттеу институты мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасындағы өзара түсі­ністік туралы Меморандумды іске асыру мақсатында құрылып отыр.