Қазақ-қытай шекарасы маңында жанармайға сұраныс артты

None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Үржар ауданында жанар-жағармай қоры жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Үржар ауданында 14 жанармай құю стансасы бар (Үржар ауылында – 3 жанармай құю бекеті және 1 сұйытылған газды сатуға арналған жанармай құю станциясы, Мақаншы ауылында – 1, Ақжар ауылында – 3, Бақты ауылында – 1, Таскескен ауылы – 2, Қабанбай ауылы – 2 жанармай құю станциясы және 1 сұйытылған газды сатуға жанармай құю станциясы).

Қазіргі уақытта туристік маусымның қызған шағында автокөлік санының көбеюіне (күніне шамамен 2500 автокөлік), сондай-ақ шекарадағы көлік-логистика орталығының жұмысына (күн сайын 120 жүк көліктері ҚХР жөнелтіледі) байланысты жанармайға сұраныс артты.

Әсіресе АИ-92 маркалы бензинге сұраныс жоғары.

Бақты, Үржар ауылдарында және Таскескен-Бақты республикалық тас жолының 92 шақырымында орналасқан «PetroRetail» және «Helios» жанар-жағармай құю станса желілері компанияның Аягөз және Өскемен қалаларындағы мұнай базаларын үздіксіз жанар-жағармаймен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда облыстағы жанар-жағармай қоры: АИ-92 - 82,6 тонна; АИ-95 - 6,0 тонна; Дизель отыны- 92,5 тонна.

Қазіргі күні ауданға: АИ-92 - 117,9 тонна, дизель отыны - 6,5 тонна келе жатыр.

Айта кетсек, 30 шілдеде Қабанбай ауылында «Alem Trans Oil» ЖШС сыйымдылығы 30 текше метрді құрайтын жылжымалы модульді жанармай құю станциясы іске қосылды.

Ауданда жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар