Қазақ-Қытай шекарасынан байланыс құралдарын жасырын алып өтпек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-Қытай шекарасындағы «Қорғас» шекара отрядының бақылаушылары 220 данадан астам байланыс құралдарын жасырын алып өтпек болған үш бірдей қазақстандық азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Қазақ-Қытай шекарасынан байланыс құралдарын жасырын алып өтпек болған

Нақтырақ айтқанда, Қытай елінен Қазақстанға автобуспен келе жатқан екі отандасымыз 140 дана радиостанцияны жасырын алып өтуге тырысты. Сондай-ақ, 36 жастағы тағы бір отандасымыз 84 дана ұялы телефон-планшетті құшағына қысып, жаяу-жалпы шекараны өзі қалаған жерден қиып өтпек болған кезде ұсталды.

Аталған деректер бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды, тергеу амалдары жүргізілуде.