Қазақ-қытай шекарасында 73 келі жалған iPhone мен Samsung тәркіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Алтынкөл» кедендік бекетінің қызметкерлері әлемге танымал смартфон брендтерінің жалған көшірмелерін тәркіледі.
30 қыркүйек күні «Жаркент» бақылау-өткізу бекетінде кедендік шекарадан жалпы салмағы 73 келі болатын 346 ұялы телефонды алып өту әрекеті жасалды.
«Қазіргі уақытта ұсталған тауардың құнын бағалау жұмыстары жүруде», - делінген Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.