Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақ қызы Америкада хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық хоккейші қыз Бұлбұл Қартанбаева Америкада 13-14 жасар қыздардан құралған хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ қызы Америкада хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды

Бұл жөнінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігі мәлімет таратты.

«Қазақстандық Бұлбұл Қартанбаеваны құттықтаймыз. Бүгін ол Американың Нью-Джерси штатындағы Princeton Tiger Lilies хоккей клубының бас бапкері қызметіне кірісті» деп жазды елшілік Instagram парақшасында.

Бұлбұл Қартанбаева - NWHL әйелдер лигасының тарихындағы бірінші қазақстандық спортшы.

Ол өткен жылы америкалық «Метрополитен Риветерс» клубымен келісімшартқа отырған болатын.