Қазақ қызы Әйгерім Ахметова АҚШ-та офицерлік дайындықтан өтеді

Әйгерім Ахметова Қызылорда университеттерінің бірінде аударма факультетінде оқып, магистр дәрежесін алған. Кейін Қазақстандағы ірі компанияда қазақ және орыс тілдерінен ағылшын тіліне аудармашы болып еңбек еткен. Сәл кейінірек тұрақты жұмыс істеп, саяхаттау үшін АҚШ-қа көшу шешімін қабылдаған.
«Америкада жұмыс табу қиын болды. Осы елде жаңа өмір бастауға бел буып, АҚШ ӘӘК-інде қызмет етуді таңдадым», - деді ол.
Оның арманын жүзеге асыру үшін Әйгерімнің рекрутері бір жыл әскерде болып, кейін офицерлерді дайындайтын мектепке түсіп көруге кеңес берді.
АҚШ-та осы елдің азаматы болып табылмайтын тұлғалар офицер бола алмайтынына қарамастан, қазақстандық азаматша 2011 жылдың қарашасында алғашқы әскери дайындық бойынша курс тыңдаушысы ретінде жаздырылды. Оны аяқтағаннан кейін Айгерім техникумға түсті, кейін Америка азаматтығын алды.
2014 жылдың желтоқсанында ӘӘК кадрларын оқыту және дайындау қолбасшылығы өкілдері оны достары мен тәрбие берушілерінің ұсынуымен тізімге тіркеді.
Іріктеу кезінде Әйгерім Ахметованы офицерлерді дайындау мектебіне қабылдау шешімі шықты. Әйгерім 2016 жылы Алабама штатындағы Максвелл авиабазасында дайындықтан өтеді.