Қазақ қызының шетелдікке тұрмысқа шығу, шықпауы өз еркі - Сенат депутаты

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақ қызының шетелдікке тұрмысқа шығу, шықпауы өз еркі.
None
None

Бұл пікірді бүгін «Шалқар» радиосының онлайн-конференциясы барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова білдірді.

«Қазақ қыздарының шетелдіктерге шығу, шықпауы өз еркі. Елімізде - демократия. Әрине, басқа елдерде тәжірибе бар. Мәселен, Тәжікстанда, Өзбекстанда қыздары басқа елдердің азаматтарына тұрмысқа шықса, онда олардан қосымша қаржы талап етіледі. Біз қаржы талап ететін ондай кедей мемлекет емеспіз ғой. Ал басқа дамыған елдерде ондай шектеу жоқ», - деді ол.

Халық қалаулысының пайымынша, қазақ қыздарының тек қазақ отбасының түтінін түтетуі үшін оларға дұрыс бағытта тәрбие беру керек. Ол көбінесе ата-анасына, отбасындағы тәрбиеге байланысты.

Соңғы жаңалықтар